Air Astana Ташкентке тұрақты рейстерді жандандырады

abilet.kz
Өзбекстаннан келген жолаушылар Қазақстанға келгеннен кейін 48 сағат ішінде коронавирус тексеретін тесттен немесе 14 күндік үйдегі карантиннен өтуі керек.

2020 жылдың 11 қыркүйегінен бастап "Эйр Астананың" Алматыдан Ташкентке ұшатын тікелей рейстері қайта іске қосылып, әрі қарай бейсенбі күндері аптасына бір рет орындалады, деп хабарлайды zakon.kz.

Өзбекстанға келген барлық жолаушылар коронавирус жоқтығын растайтын анықтамасын ұшып шыққанға дейінгі 72 сағаттан аспай алуы керек, сондай-ақ, Ташкентке келгенде 14 күндік карантинде болуы тиіс (үйде немесе қонақ үйде өз есебінен).

Өзбекстаннан келген жолаушылар Қазақстанға келгеннен кейін 48 сағат ішінде коронавирус тексеретін тесттен немесе 14 күндік үйдегі карантиннен өтуі керек. Егер Қазақстанға кіргенде осындай анықтаманы алғанына 5 күн өтпеген жағдайда, оны Қазақстанда қайта алдырудың қажеті жоқ.

Карантиндік шектеулер кезеңінде Қазақстан аумағына кіру үшін шетелдік азамат Қазақстан тікелей әуе қатынасын қайта бастаған елдің азаматы болып, осы елден тікелей рейспен ұшып келуі немесе Қазақстан Республикасының ведомствоаралық комиссиясының шешіміне сәйкес келуге рұқсаты болуы керек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы