Павлодар облысында "Сыбаға" бағдарламасынан 233 млн теңге жымқырылды

agroinfo.kz
Бүгінгі таңда күдіктілер 96 млн теңгеден астам сомада келтірілген залалды республикалық бюджетке өтеді.

Мемлекет басшысының ЭТҚ көлеңкелі экономикамен күреске қайта бағыттау тапсырмасы н іске асыру шеңберінде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері "Қазына" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында облыстық прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, облыстың агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар облысының аумағында тіркелген шаруа қожалықтары Ресей Федерациясынан ірі қара мал сатып алу үшін "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы аясында бюджеттен жалпы сомасы 233 млн теңгеге субсидия алғандығы анықталды.

Субсидиялар алу өтінімдеріне және ІҚМ сатып алу-сату шарттарына сәйкес 2018-2019 жылдары облыс агрокәсіпкерлері РФ кәсіпорындарынан "Герефорд" тұқымды 1447 бас ІҚМ сатып алып, ҚР-на әкелген. Алайда, РФ уәкілетті органдарының мәліметі бойынша, ІҚМ эскпорты қазақстандық бірқатар ШҚ-на қатысты жүзеге асырылмаған.

Тінту жүргізу барысында мөрлер (оның ішінде РФ уәкілетті мемлекеттік мекемелерінің мөрлері), кеңсе жабдықтары, ақша қаражаттары, бухгалтерлік және басқа да құжаттар тәркіленіп алынды.

Күдіктілердің әрекеті ҚР ҚК 190-бабы 4-б. сәйкес бағаланып, мүлкі тәркілене отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына тартылуы мүмкін.

Бүгінгі таңда күдіктілер 96 млн теңгеден астам сомада келтірілген залалды республикалық бюджетке өтеді.

Тергеу амалдары жалғасуда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты