Коронавирустың қайта бас көтеріп, өршуіне жол бермеу үшін мектептер қашықтықтан білім беруді әлі де жалғастырады, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
Ол еліміздегі мектептерде қашықтықтан оқыту форматын сақтау мәжбүрлі шара екенін баса айтты. Ұйымдасқан жабық топтарда инфекция жұғу қаупі жоғары. Мәселен, егер сыныпта бір адам коронавируспен ауырса, онда онымен байланыстағылардың саны едәуір артады, бұл - науқастың сыныптастары, мұғалімдері, туыстары, достары және т.б.
Денсаулық сақтау министрі білім берудің қалыпты режиміне оралған басқа елдерді мысалға келтірді. Оның айтуынша, ондай елдерде мектептер инфекцияның өршуіне байланысты біраз уақыттан кейін қайта карантинге жабыла бастаған. Мысалы, Германия, Англия, АҚШ, Франциядағы мектептерде коронавирустың оншақұты дерегі анықталып, ақыры мектептер карантинге қайта жабылып жатыр.
Қазақстан Республикасының мектептеріндегі кезекші топтарға келетін болсақ, ондағы эпидемиологиялық жағдай туралы қорытынды жасауға әлі ерте, өйткені 14 күндік инкубациялық кезең әлі өтпеген.
Сонымен бірге Цой жыл сайынғы ЖРВИ-дің маусымдық бой көтерулерін еске түсірді.
- Бұл шара уақытша болып табылады. 15 қыркүйектен 15 қазанға дейін вакцинация жасаймыз. Осылайша, біз тұмау мен КВИ-мен қабаттасуын болдырмау үшін халықтың осал топтары мен балаларға, әсіресе ЖРВИ-мен, тұмаумен жиі ауыратын балаларға екпе саламыз. Бұл біз үшін өте маңызды, сондықтан І-тоқсанды оқушылар қашықтықтан оқитын болады. Болашақта бізде ұйымдасқан топтарда қандай аурулар бар екенін зерттегеннен кейін біз бұл мәселені қарау үшін Ведомствоаралық комиссияға жібереміз, сол кезде оны қосымша қарастырамыз, - деді министр.