Панфилов ауданының полицейлері көпбалалы отбасының балаларын қуантты

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
"Қазақта "Отан – отбасынан басталады" деген нақыл бар.

Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбі күні елімізде "Отбасы күні" мерекесі атап өтіледі. Биыл мереке 13 қыркүйекке дәл келеді. 2013 жылы бекітілген мерекенің негізгі мәні – мүгедек балалар тәрбиеленіп жатқан толық емес, көп балалы отбасылар мен отбасылардың проблемаларын шешуге көңіл бөлу, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мереке қарсаңында Панфилов ауданының тәртіп сақшылары ішкі істер органдарында қолайлы емес отбасы тізімінде тұрған көпбалалы жанұяға барып, жасөспірім балаларды құттықтады. Балаларға сыйлықтар беріліп, отбасыға қажетті азық-түліктер табысталды.

"Қазақта "Отан – отбасынан басталады" деген нақыл бар. Бүгін біз көпбалалы отбасыны осы мерекемен құттықтадық. Мерекеге орай отбасыға азық-түліктер, балаларға қажетті құралдар табыс етілді. Есепте тұрған отбасы ретінде жанұядаға жасөспірімдермен профилактикалық әңгімелесу жүргізілді", - деді Панфилов ауданы Полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Жамбыл Бакетов.

Өз кезегінде, Алматы облысы Полиция департаменті барлық қазақстандықтарды "Отбасы күні" мерекесімен құттықтап, отбасыларға амандық, береке мен бірлік тілейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды