Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің құрамы анықталды

Егемен Қазақстан
Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңес Қазақстан Республикасы Президенті жанынан елдің тұрақты дамуын стратегиялық жоспарлау мақсатында құрылды.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің құрамы бекітілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның құрамына:

Қасым-Жомарт Тоқаев - Қазақстан Республикасының Президенті, төрағасы;

Сэр Сума Чакрабарти - төрағаның орынбасары;

Жоғары кеңес мүшелері:

Асқар Мамин - Қазақстан Республикасының Премьер-министрі;

Ерлан Қошанов - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы;

Ерболат Досаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің төрағасы;

Қайрат Келімбетов - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы;

Мадина Әбілқасымова - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің төрағасы;

Әсет Исекешев - Президенттің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;

Тимур Сүлейменов - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары;

Тимур Құлыбаев - "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы енді.

Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңес Қазақстан Республикасы Президенті жанынан елдің тұрақты дамуын стратегиялық жоспарлау мақсатында құрылды.

Президент биылғы жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында экономикалық, өндірістік, қаржылық, әлеуметтік және басқа салаларда түбегейлі реформалар жүргізу бойынша бірқатар міндеттер қойды. Бұл мәселеде жаңа Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне маңызды жауапкершілік жүктелетін болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты