Алматыда 3-4 сынып оқушылары мектепке бара алады

видеодан кадр
15 қыркүйектен бастап 3 және 4 сынып оқушылары да партада отырып оқитын болды.

Алматыда енді 3-4 сынып оқушылары мектепке бара алады. Қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес ата-аналардың өтініші бойынша кезекші сыныптар ашуға рұқсат берілген. Қала мектептерінде мұндай кластар 8 қыркүйекте ашыла бастаған. Бүгінде бірінші сыныптың 3300, 2 сыныптың 686 оқушысы кезекші топтарда білім алуда, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Сандуғаш Бижанова, №175 мектеп-гимназия директорының орынбасары:

Бірінші кластарда үш сынып бірдей ашылып отыр. Әр сыныпта 13 оқушыдан бар. Ал төртінші сыныптардан бір топ құрылып отыр. 2 сынып қазір 15 баладан отыр.

15 қыркүйектен бастап 3 және 4 сынып оқушылары да партада отырып оқитын болды. Қалалық білім басқармасының мәліметі бойынша 1200 ата-анадан өтініш түскен. Бірақ арыз жазғандардың бәріне мектеп есігі ашық деген сөз емес. Әуелі білім мекемесінің санитарлық талаптарға сай екені анықталып, рұқсат берілуі тиіс. Содан соң ғана мекеме тарыдай болса да, талабы таудай балақайларды қабылдай алады.

Айгүл Есембердиева, оқушының анасы:

Жұмыстан қиындық туды. Біз таңертең баланы әкеп тастап жұмысқа қайта береміз. Сосын таңертеңнен бала үйде жалғыз қалып жатты да. Және оның сабағына қарайтын ешкім болмады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз