Комаға түскен Навальный есін жинап, Instagram-да жазба жариялады

instagram/navalny
Кеше күні бойы ол өз еркімен тыныстай алған.

Алексей Навальный комадан шыққаннан кейін Instagram-да алғашқы жазбасын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

- Сәлем, мен Навальныймын ғой. Сіздерді сағындым ????. Мен әлі өздігімнен ештеңе істей алмаймын, бірақ кеше күні бойы өз еркіммен тыныстай алдым. Өзім дем алдым. Сырттан ешқандай көмек қолданбай, тіпті тамағымдағы клапанды да пайдаланбадым. Ұнады, әрине. Керемет, көп бағаланбайтын процесс. Байқап көруді ұсынамын, - деп жазды ол.

Айта кетсек, 20 тамызда Томскіден Мәскеуге бара жатқан жолда Алексей Навальный ұшақта өзін нашар сезінді. Ұшақ шұғыл түрде Омбыға қонуға мәжбүр болды. Навальный ауруханаға жатқызылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды, ол комаға түсті. Оппозиционерді жақтаушылары оның уланып қалғанын айтады. Бірнеше күннен кейін отбасының талабымен Навальный Берлиндегі клиникаға жеткізілді. 10 қыркүйекте Навальный уланудан кейін өз-өзіне келіп, есін жиды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты