8 айда мемлекеттік бюджетке 5 трлн теңге салық түсті

Төмендеудің себебі сыртқы және ішкі факторларға байланысты экономикалық ахуалдың нашарлауы болып табылады.

Ағымдағы жылғы қаңтар-тамыз айларында мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 91,4%, оның ішінде республикалық бюджет 80,9% және жергілікті бюджет 116,4% атқарылды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке түскен салық түсімдері өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 11,1%-ға (немесе 646,7 млрд теңгеге) төмендеумен 5 158,3 млрд теңгені құрады. Оның ішінде республикалық бюджет бойынша 24,4%-ға (немесе 1 037,6 млрд теңгеге) төмендеді, жергілікті бюджет бойынша 25,1%-ға (немесе 390,9 млрд теңгеге) өсті.

Республикалық салықтар бөлігінде орындалмау КТС (25,0%-ға), ІТӨ-ге ҚҚС (26,4%-ға), 3-інші елдерден импортқа ҚҚС (34,3%-ға) және ЕАЭО елдерінен импортқа ҚҚС (23,1%-ға) бойынша байқалады.

Көрсетілген салықтар бойынша түсімдер өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда КТС (31,9%-ға), ІТӨ-ге ҚҚС (15,7%-ға) және 3-ші елдерден импортқа ҚҚС (6,7%-ға) төмендеді.

Төмендеудің себебі сыртқы және ішкі факторларға байланысты экономикалық ахуалдың нашарлауы болып табылады.

2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға 36,5%, мырышқа 18,3%, алюминийге 10,9%,қорғасынға 9,3%, мысқа 5,9%, бағаның төмендеуі байқалады.

2020 жылғы 8 айда үшінші елдермен тауар айналымы 11,9%-ға төмендеді (экспорт 15,4%-ға, импорт 4,5%-ға). Оның ішінде тауар айналымының 20,7%-ға төмендеуі ағымдағы жылғы тамызға келеді (экспорт 34,9%-ға азайды, импорт 3,7%-ға өсті).

2020 жылғы 8 айда іске асыру бойынша айналымдар 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11,6%-ға төмендеді (60 066,4 млрд теңгеден 53 120,3 млрд теңгеге дейін).

Көрсетілген кезеңде бір салық төлеушіге онлайн БКМ орташа түсімі 32,5% - ға төмендеді (29,5 млн теңгеден 19,9 млн теңгеге дейін).

Коронавирустың таралуы ҚХР-мен көлік құралдары санының 12,9%-ға, оның ішінде автокөлік құралдарының 51,5%-ға төмендеуіне әкелді. Ағымдағы жылғы қаңтар-тамыз айларында импорттың іс жүзіндегі көлемі 27,2%-ға төмендеді (1 437 мың тоннадан 1 046 мың тоннаға дейін).

Соның салдарынан, ҚХР-дан тауарлар импортынан кедендік баждар мен салықтардың түсімі 10,3%-ға немесе 24,3 млрд теңгеге азайды.

2020 жылғы қаңтар-тамызда ЕАЭО елдерінен бөлінген баждар 14,6% - ға (212 млрд теңгеден 181 млрд теңгеге дейін), оның ішінде а.ж. тамызда 8,6%-ға төмендеді.

Ағымдағы жылғы 8 айда жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері бойынша жоспар 275 млрд теңгеге артық орындаумен, 116,4% орындалды.

ЖБ-ға салық түсімдері 1 946,3 млрд теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 25,1%-ға (немесе 390,9 млрд теңгеге) өсті.

Жергілікті бюджет жоспарының артығымен орындалуына корпоративті табыс салығының жергілікті бюджетке берілуі әсер етті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: