Өз еркіңмен кетсең, соттамаймыз – "Батькаға" Тихановскаядан ұсыныс түсті

Sergei Gapon (AFP)
Беларусьте бір айдан астам уақыттан бері жаппай наразылық шерулері өтіп жатыр.

Беларусь президент сайлауында кандидат болған Светлана Тихановская президент Александр Лукашенко биліктен өз еркімен кетсе, оның қауіпсіздігіне кепіл беретінін мәлімдеді. Бұл туралы Тихановская украиналық "Левый берег" басылымына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

"Талқыланады. Әлбетте, ол өз еркімен кетсе, мұндай мәселені қарастыруға болады. Сенімді түрде айта алам. Мен барлық адамдар атынан сөйлеуім керек. Бұл мәселеде көпшіліктің пікірі де ескеріледі", – деп мәлімдеді ол.

Лукашенко қауіпсіздігінің кепілі туралы сауалға ол президент "одан да көп" нәрсе алады деп жауап берді.

Бұның алдында Лукашенко "билік тастап кету, тапсыра салу үшін берілмейді" деп мәлімдеген.

"Көп сөз болмас үшін, ер азамат ретінде айтайын. "Ол билікті бермейді" деп сынаушылар бар. Дұрыс. Мені халық билікті бере салсын деп сайлаған жоқ. Билік тастап кету, тапсыра салу үшін берілмейді", – деп мәлімдеді Лукашенко 10 қыркүйекте.

Беларусьте бір айдан астам уақыттан бері жаппай наразылық шерулері өтіп жатыр. Акция Орталық сайлау комиссиясының президент сайлауында Лукашенко 80 пайыздан астам дауыс жинады деп жариялаған соң басталды. Светлана Тихановская штабы сайлаудың ресми нәтижесін мойындамады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр