2024 жылдың соңына қарай Қазақстандағы 30-ға жуық жол магистральдары ақылы болады. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ақша төлеуге тура келетін жол учаскелерінің толық тізімін ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.
Ұлттық компанияның баспасөз қызметі атап өткендей, жолдарды ақылы ету кезең-кезеңмен 2024 жылға дейін жоспарланған.
2021 жылы келесі автожоладарды ақылы ету жоспарланған:
Орал - РФ шекарасымен шектесетін жол (Саратов),
Қапшағай - Талдықорған,
Тараз - Қайнар,
Қызылорда - Шымкент - Тараз,
Шымкент - Өзбекстан шекарасымен шектесетін жол,
РФ шекарасымен шектесетін жол (Орынбор) - Ақтөбе-Қызылорда,
Ақтөбе - Орал - РФ шекарасымен шектесетін жол (Самара),
Павлодар - РФ шекарасымен шектесетін жол (Омбы),
Нұр-Сұлтан - Қостанай - РФ шекарасымен шектесетін жол (Троицк),
Ақтау - Бейнеу,
Атырау - Доссор - Бейнеу - Ақжігіт - Өзбекстан шекарасымен шектесетін жол,
Нұр - Сұлтан - Павлодар,
Павлодар - Семей - Қалбатау.
2022 жылы келесі учаскелер ақылы болады:
Петропавл - РФ шекарасымен шектесетін жол (Курган),
Теміртау - Қарағанды, Қарағанды облысы,
Щучинск - Зеренді,
Таскескен - Бақты,
Жетібай - Жаңаөзен.
2023 жылы келесі учаскелер ақылы болады:
Күрті - Бурылбайтал,
Үшарал - Достық,
Қарабұтақ - Рудный - Қостанай,
Ұзынағаш - Отар.
2024 жылы келесі учаскелер ақылы болады:
Қарағанды - Балқаш,
Балқаш - Бурылбайтал,
Күрті - Қапшағай,
Талдықорған - Өскемен,
Қалбатау - Майқапшағай,
Мерке - Бурылбайтал,
Атырау - Орал,
Ақтөбе - Қандыағаш - Мақат - Доссор,
Атырау - РФ шекарасымен шектесетін жол (Астрахан),
Подстепное - Федоровка - РФ шекарасымен шектесетін жол.