Сапарбаев жоғалған 7 жасар баланы тапқан азаматты марапаттады

Жамбыл облыстық әкімдігі
Атымен үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған балақайды жаппай ауыл болып іздеген. Ол ертеңінде түстен кейін көрші ауыл маңындағы қамыс арасынан табылды.

17 қыркүйек күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Шу мен Меркі аудандары аумағында жүріп жатқан "Қарасора - 2020" жедел алдын алу шарасының барысымен танысты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қос ауданда каннабиоидті есірткі заттарының көзі – жабайы қарасораның кең алқабы орын тепкен.

Шараға облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, ҰҚКД басшысы Марат Ирменов, Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов қатысты.

Соңғы екі күнде облыс тұрғындары ғана емес, бүкіл Қазақстан болып Мойынқұм ауданында жоғалған жеті жасар баланы іздестіру шараларына барынша алаңдаушылық танытқаны белгілі. Жоғалған бала Мойынқұм ауылының тұрғыны, ішкі істер органдарының ардагері Ермұрат Спановтың көмегімен табылды.

- Полиция департаменті іздестіру шараларын ауқымды түрде ұйымдастыра білді. Барша Қазақстан болып жоғалған баланы тағдырына алаңдаған еді. Сізге үлкен рахмет, - деп облыс әкімі алғыс білдіріп, қол сағат сыйлады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі