Алматы облысында темекі тұқылын жерге тастай салған шенеуніктің мәселесі қаралып жатыр

kt.kz
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік видеоны шенеунікке көрсетіп, ұялтты.

Алматы облысы Қарасай ауданының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы шендісіне қатысты мәселені қарауды құзырлы орган қолға алды, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова, деп хабарлайды zakon.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте алдында дәріханалардағы дәрі-дәрмектер туралы жалған ақпарат таратты деп белсенділер үстінен шағымданған Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың мәселесіне қатысты сұрақ қойылды.

Сондай-ақ алдында келген тұрғындар алдында темекі тартып, артынан тұқылын жерге тастай салған Қарасай ауданының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкеріне қатысты видеоға түсініктеме беру сұралды. Алдында дәл осындай этикаға жат қылығы үшін Алматы облысының дәрігеріне сөгіс берілген еді.

- Темекі тұқылын жерге тастаған Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің шенеунік туралы айтар болсақ, бізде мемлекеттік қызметті саласы бойынша бақылау департаменті бар. Ол қазір осы мәселемен айналысып жатыр. Бұл мәселемен біз де айналысатын боламыз, - деді Жайылғанова.

Ол егер шенді орташа ауырлықтағы немесе ауыр қылмыс жасаса, онда ол бұдан былай мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге құқы жоқ екенін еске салды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

2027 жылдан бастап ипотекалық қарыздар бойынша қандай сыйақы мөлшерлемелері белгіленеді

Қазақстанда мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне жалақы төлеу ережесі жаңартылды

Алматы облысында жер сілкінісі болды