ШҚО-дағы Глубокое ауданына жаңа әкім тағайындалды

Ашық дерекөздерден алынды
Тамара Рахимжанова бұған дейін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болған.

Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Тамара Рахимжанова облыс әкімінің өкімімен Глубокое ауданының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол бұған дейін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болды.

Тамара Рахымжанова 1978 жылы 23 наурызда Өскемен қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 2001-2004 жылдары "ВНИИцветмет" кәсіпорнында өндіріс орындарын тазалаушы болып бастады.

2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген.

2006 жылы Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ушановское ауылындағы орта мектепте есепші болып жұмыс істеді.

2007 жылы "Өскемен-тәртіп" ЖШС-да бөлім маманы, 2007-2013 жылдары бөлім басшысы лауазымын атқарды.

2014 жылдың ақпанынан 2016 жылдың қарашасына дейін аталған ЖШС-да директор болып еңбек етті.

2018 жылы Қазақстан инновациялық университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

2019 жылдың ақпанынан осы уақытқа дейін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Алина Чистякова жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Австралияда маса шағып, сирек кездесетін вирус жұқтырған турист көз жұмды

2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру грант иегерлерінің тізімі жарияланды