Қырғызстанда партияның үгіті қырғын төбелеске әкеп соқты

видеодан кадр
Алдын ала мәлімет бойынша, 12 адам зардап шеккен.

"Мекеним Кыргызстан" партиясының ресми мәлімдемесіне сәйкес, 20 қыркүйекте партия үміткері Илхом Маннанов Араван ауданында жергілікті тұрғындармен кездесу өтізіп жатқанда арандатушы топ шатақ шығарған, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, 12 адам зардап шеккен.

Ақпаратқа сәйкес, жанжалдан кейін "Мекеним Кыргызстанның" бірнеше өкілдері ауруханаға жеткізілген. Олардың бірі Ош аймақтық ауруханада ауыр халде жатыр.

"Биримдик" партиясы бұл оқиға бойынша мәлімдеме жасап, арандатқандар заң алдында жауа беруі тиіс деді.

Әлеуметтік желі қолданушылары аталған екі партияның үміткерлері арасында жанжал шыққанын жазып жатыр. Бірақ партиялар бұл мәліметті растамады.

"20 қыркүйек күні кешкісін Араван ауданында "Мекеним Кыргызстан" партиясы үгіт жүргізіп жатқанда ұрыс шығып, 12 адам дене жарақатын алып, ауруханаға түскен. Олардың біреуі ауыр жағдайдайда, - деп хабарлады Азаттықтың қырғыз қызметіне Ош облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Жеңишбек Аширбаев.

Қазір бұл іске байланысты 10 адам ұсталып, жауап беріп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді