Қазақстандық ғалымдар астықтың сапасын анықтайтын компонент ойлап тапты

Facebook
Бұл - М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының бір топ ғалымдарының еңбегі.

Қазақ ғалымдары бидай тұқымының өнуін тестілеуге арналған дәлдігі жоғары компоненттер алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Facebook-тегі парақшасында жазылды.

"ҚР БҒМ Ғылым комитеті М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының дәнді дақылдар биохимиясы зертханасында бір топ ғалым биология ғылымдарының кандидаты Айдар Хәкімжановтың жетекшілігімен биохимиялық әдістердің көмегімен бидай дәніндегі ең қызғылықты ферменттердің бірі - альфа-амилазаны зерттеу бойынша эксперименттер жүргізді. Аталған фермент мөлшерін стандартты сараптамалық әдістермен өлшеу өте қиын, бірақ бұл астықтың өну жағдайының маңызды көрсеткіші саналады. Осылайша, зерттеу барысында ғалымдар альфа-амилаза ферментінің бір түрін мұқият зерттеді және одан жоғары дәрежелі антиденелер алынды, олардың негізінде альфа-амилаза мөлшерін дәл анықтайтын жоғары сезімтал иммунотестер жасалды. Дәндегі фермент мөлшерінің көрсеткіші денсаулыққа зиянды, тамақтануға жарамсыз шала піскен өнімдерді болдырмау үшін нанды пісіргенге дейінгі ұнның сапасын бағалауға, сондай-ақ бидайдың жаңа сорттарын шығару кезіндегі сұрыптамалық процесті жүргізу үшін қажетті астықтың сапасын анықтауға мүмкіндік береді", делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды