Бейсен Құранбектің әкесі көз жұмды

baq.kz
Биылғы жылдың мамыр айында танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек өмірден озды.

Бейсен Құранбектің әкесі көз жұмды. Қайғылы хабарды тележүргізушінің дос-жарандары, әріптестері хабарлап жатыр, дейді baq.kz.

Қаралы хабарды марқұмның жақындары растаған екен.

Құранбеков Абай Жанысбекұлы ұлы мен жарының соңынан мәңгілік мекеніне аттанып кете барды. Марқұмның неден қайтыс болғаны туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.

Биылғы жылдың мамыр айында танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек өмірден озды. Тележүргізушінің қырқы болатын күні аяулы анасы бақиға аттанған еді. Марқұмның отбасы ғана емес, күллі қазақ қайғыдан қан жұтты. Желіде Бейсен Құранбек туралы ізгі естеліктер мен сағынышқа толы жазбалар, хаттар толассыз жарияланып жатты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді