Tengri Bank басшылығы бөтеннің мүлкін ысырап ету бабы бойынша күдікке ілінген

24.kz
Бұған дейін Экономикалық тергеу қызметі банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айрылған Tengri Bank басшылығына қатысты қандай бап бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын айта алмаған еді.

Tengri Bank басшылығына қатысты "Өзгенің сеніп тапсырған мүлкін иемдену немесе ысырап ету" бабы бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұған дейін Экономикалық тергеу қызметі банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айрылған Tengri Bank басшылығына қатысты қандай бап бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын айта алмаған еді.

Осыған байланысты редакция Бас прокуратураға сауал жолдады.

- Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеулер департаменті Tengri Bank АҚ мүлкін ұрлау фактілеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы, яғни "Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз, делінген ресми орган жауабында.

Бас прокуратура бұл іс бойынша нақты кім күдікті екендігі және тергеу қай кезден бастап қолға алынғаны туралы ақпарат беруден бас тартты. Олар Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сілтеме жасап, оған сәйкес сотқа дейінгі тергеу деректері жария етуге жатпайтынын жеткізді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі