Мұқанов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім бастығы қызметінен босатылды

Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мақсат Мұқановты қызметінен босатты, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшысының Өкімімен Мұқанов Мақсат Нұрдәулетұлы ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды, делінген Ақорда хабарламасында.

Мұқанов 1967 жылы Алматыда дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетін және Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебін "Тарих, әлеуметтік ғылымдар және құқық" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек еткен жылдары ол ҚР Индустрия және сауда министрінің көмекшісі, Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау орталығы басшысының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің бастығы, ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық зерттеулер мен талдау орталығының басшысы болып жұмыс істеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды