Доллар бағамы қатты құлдырайды. Сарапшы оның үш себебін атады

rbk.ru
Экономист доллардың индексі 2021 жылдың аяғында 35 пайызға төмендейді деп болжайды.

Жақын күндері АҚШ долларының бағамы күрт төмендейді деп болжанады. Мұндай пікірді Morgan Stanley Asia компаниясының бұрынғы басшысы және бас экономисі, Йель университетінің зерттеушісі Стивен Роуч айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

РИА Новостидің хабарлауынша, сарапшы америкалық валютаның нақты тиімді айырбас бағамы мамырдан тамызға дейін 4,3 пайызға төмендегеніне назар аудартады. Дегенмен, Роучтың пікірінше, доллар ең жоғары бағаланған негізгі әлемдік валютаның бірі болып қала береді.

Экономист доллардың индексі 2021 жылдың аяғында 35 пайызға төмендейді деп болжап, оған ықпал етуші үш факторды атайды.

Сарапшы АҚШ-тағы макроэкономикалық тепе-теңдіктің күрт өсуі, евро және юань сияқты баламалы валюталардың рөлінің артып, керісінше америкалық валюта тартымдылығының әлсіреуі сынды үш факторға тоқталды. Автор мұндағы бірінші факторға ерекше назар аудартады.

Оның пікірінше, АҚШ экономикасындағы тепе-теңдіктің күрт өсуіне ішкі жинақ көлемінің рекордтық құлдырауы мен ағымдағы операциялар шоты тапшылығының өсуінен туындайды.

- Демек, доллар енді құлдырай бастайды, - дейді Роуч.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды