Ақтөбе облысында "Мигрант" шарасы өтіп жатыр

Хабар 24
Көші–қон заңнамасын бұзған 22 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және алдын-алу мақсатында ағымдағы жылғы 28-30 қыркүйек аралығында Ақтөбе облысының аумағында "Мигрант" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мигрант" облыстық жедел алдын алу іс-шараларының бірінші күнінің қорытындысы бойынша көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 22 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде Әкімшілік кодекстің 517 бабы "Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның халықтың көші-қоны саласындағы ҚР заңнамасын бұзуы" бойынша 11 шетелдік және 518 бап "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың халықтың көші-қон саласындағы ҚР заңнамасын бұзуы" бойынша 11 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Әкімшілік кодекстің 519 бабы "ҚР заңнамасын бұза отырып шетелдік жұмыс күшін және еңбек имигранттарын тарту, ҚР еңбек қызметін шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның заңсыз жүзеге асыруы" бойынша 4 адам жауапкершілікке тартылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді