Алматыда дәрігерлер ота жасап, ер адамның ішінен темір арматураны алып шықты

Almaty.tv
Науқастың қазір жағдайы тұрақты. Операция сәтті өтті.

Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруxанада бірегей ота жасалды. 31 жастағы ер адамның ағзасынан хирург-дәрігерлер 25 сантиметрлік арматура темірді алып шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Almaty.tv мәліметінше, күндіз 31 жастағы ер адам іш ауруына шағымданып стационардың қабылдау бөліміне өзі келген. Ал рентген суреті дайын болғанда, талайды көрген дәрігерлердің өзі таңдайын қағыпты.

Ота кезінде науқастан 25 сантиметрлік арматура алынды. Кейін белгілі болғандай, ер адам осыдан 2,5 жыл бұрын, абақтыда отырған кезде осы темір сынығын жұтып қойыпты. Бірақ одан бері денсаулықтың сыр бермегеніне дәрігерлер аң-таң. Қалай болғанда да 54 минутқа созылған ота сәтті аяқталды.

"Науқастың қазір жағдайы тұрақты. Операция сәтті өтті. Қазір ояну палатасына ауыстырылды. Енді бұндай жағдай жалпы медицинада жиі кездесіп тұрады. Әсіресе, кішкентай балаларда, ер адамдарда да кездеседі, психоауытқуы бар адамдарда кездеседі. Немесе әдиілеп жұтқан адамдарда. Операция сәтті өтті. Ары қарай асқазан жұмысы қалыпты жұмыс істейді", – деді №4 қалалық клиникалық аурухананың хирург-дәрігері Темірхан Қожахметов.

Бүгінгі №4 қалалық клиникалық ауруханада сәтті өткен осынау бірегей отаға 6 аурухана қызметкері қатыстқан. Жалпы, күн сайын бұл стационардың хирургия бөліміне тәулігіне 50-ге жуық науқас түседі екен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты