Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы болып Асқар Шоқыбаев тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Асқар Жеңісұлы Шоқыбаев 1974 жылы туған. 1996 жылы Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Шығыстану" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінен бастаған. Осы жылдары ол "Қазақойл", "Қазақтелеком", "Қазтрансгаз" ұлттық компанияларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығында түрлі қызметтер атқарды. 2008-2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Стамбулдағы Бас консулы, кейін 2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Дубайдағы Бас консулы болды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы болып тағайындалғанға дейі ол 2014 жылдан бастап Қазақстанның Катар мемлекетіндегі елшісі болды. ІІ-деңгейдегі Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежесіне ие. Араб және ағылшын тілдерін жетік меңгерген.