"Көлсай көлдері" ЮНЕСКО-ың биосфералық резерваттар тізіміне кіруі мүмкін

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
"Көлсай көлдері" ұлттық паркінде инвестор жұмысын бақылайтын қоғамдық кеңес құрылмақ.

"Көлсай көлдері" ұлттық мемлекеттік табиғи паркі ЮНЕСКО-ың бүкіләлемдік биосфералық резерваттар желісіне қосылуы мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы 30 қыркүйекте Экология министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаевтың қатысуымен өткен "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің даму тұжырымдасының таныстырылымы барысында айтылды.

"Кеше Париждегі біздің дипломаттарымыз "Көлсай көлдерін" ЮНЕСКО бүкіләлемдік резерваттар қатарына қосу туралы өтініш бергенін хабарлаймын. Бір жыл ішінде өтінішке баға беріледі. Шамамен келер жылдың маусым айында шешім қабылданады", - деді ЮНЕСКО "Адам және биосфера" қазақстандық ұлттық комитеттің төрағасы, зоология институтының бас директоры Роман Ященко жиын барысында.

Оның сөзінше, ұлттық парк аталған тізімге кіру арқылы халықаралық дәрежеге көтеріледі. Әлемдік қауымдастық алдында экожүйені сақтауға қатысты жауапкершілік артады.

Қазір Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі "Көлсай көлдері" ұлттық паркінде экотуризмді дамытуды қолға алмақ. Басты идея – туристер келуін қамтамасыз ете отырып, экожүйеге зиян келтірмеу.

"Көлсай көлдері" ұлттық паркінде экотуризмді дамытуды қолға алған инвестор жұмысын бақылайтын қоғамдық кеңес те құрылмақ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады