Алматы облысында жылыту маусымы биыл ерте басталды

zakon.kz
Алматы облысында жылыту маусымы жыл сайын 15 қазаннан басталатын.

Ауа-райының суытуына байланысты облыс әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасына сәйкес жылыту маусымын белгіленген мерзімнен ертерек бастау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметі бойынша, Талдықорған қаласының жылу жүйелері мен желілері жылыту маусымына 100 % дайын.

Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес жылу бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға беріледі. Балабақшалар, мектептер мен денсаулық сақтау мекемелеріне жылу 30 қыркүйектен бастап беріле бастады. Бүгін осы аталған жұмыстар толығымен аяқталуы тиіс. Ал, тұрғын үйлерге жылу ертеңнен бастап беріле бастайды.

Жалпы Талдықорғанда орталық жылыту жүйесіне қосылған 82 бюджеттік мекеме мен 753 көпқабатты тұрғын үй бар. Облыс бойынша биылғы жылыту маусымына дайындық жұмыстарына бюджеттен 15,9 млрд. тг. қарастырылған.

Естеріңізге салар болсақ, Алматы облысында жылыту маусымы жыл сайын 15 қазаннан басталатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз