Осы аптада Марс пен Жер бір-біріне қатты жақындайды

Pixabay
Қызыл ғаламшар бізден небәрі 62,1 миллион шақырым қашықтықта болады.

Осы аптада Марс Жерге қатты жақындап келеді, деп хабарлайды zakon.kz Science Alert-ке сілтеме жасап.

Қызыл ғаламшар бізден небәрі 62,1 миллион шақырым қашықтықта болады. Планеталар траекториясына байланысты бұлай жақындасу тек 15 жылдан кейін болады деп хабарланады. Осылайша Марсты жақыннан көруге болады.

Жер мен Марстың кездесуі Жер Күннен (афелий), Марс Күнге (перигелион) жақын болған кезде болады. Мұндай жағдай 2003 жылы болыпты, сол кезде біз Марстан 55,7 миллион шақырым қашықтықта болдық.

Дәл осы кезеңді ғарыштық ұйымдар ұтымды пайдаланады. Марс миссияларының келесі жобасы 2022 жылға жоспарланған. Алайда, олар қосымша 20 миллион шақырым жол жүруі керек, өйткені біз ол кезде 81,5 миллион шақырым қашықтықта боламыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді