Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Садуақас Байғабылов COVID-19-ға байланысты қойылатын жаңа талаптарды ескере отырып, халықаралық рейстерді қабылдауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.
Кеше кешкісін астаналық әуе айлағының дайындығы қосымша шектеу талаптары бойынша тексерілді.
Биылғы жылдың 6 қазанына қараған түні Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы Түркиядан 4 рейс қабылдады.
Барлығы 478 жолаушы келді, оның ішінде COVID-19 ПТР анықтамасы жоқ 170 адам карантиндік ауруханаға анализ алу үшін екі күнге орналастырылды.
Алматы әуежайы Түркия, Оңтүстік Корея және Беларусь елінен 8 рейс қабылдады. 797 жолаушы келді, оның ішінде COVID-19 ПТР анықтамасы жоқ 230 адам карантиндік ауруханаға анализ алу үшін екі күнге орналастырылды.
Шетелдік азаматтардың COVID-19 анықтамасы болған, оларды ешкім депортациялаған жоқ.
Әуежайындан түсіп, тексерген кезде КВИ анықтамасы жоқ транзиттік жолаушылар да ПТР сынағынан өту үшін екі күндік карантинге орналастырылғанын да атап өткен жөн.
Олар Нұр-Сұлтан қаласындағы карантиндік ауруханаларға орналастырылды: Ramada Plaza Astana қонақ үйі, ал Алматыда - Renion, Elchi, Shera Park, Premier Alatau отельдері.