Түрмедегі туысына есірткі тасымалдағандар ұсталды

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД
Есірткі тасымалдаушыларды 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

"Бүкірді көр ғана түзейді" дегендей, нашақорлар түрмеде жатса да есінен адастыратын әдеттерін қоймайды, деп күйінеді Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаменті.

Олар бұл әдеттерімен туысқандарын да қауіпке итермелеуде. Бас бостандығынан айыру орындарында жатқан жақындарына есірткілік заттар тасымалдап, осы әрекеттері үшін өздері де жазаланатынын ойланбайды. Соңғы кезде мұндай әрекеттер жиі кездесуде.

Мысалы жуырда ғана Алматы қаласындағы тергеу изоляторында жатқан тұтқындарға әкелген азық-түліктер мен заттардың арасына есірткі жасырудың 3 фактісі анықталды.

Соның бірі – 31 жастағы ер адам есірткіні шаш жуатын сусабынның арасына салып әкелсе, тағы бір жігіт үйге киетін шәркейдің ұлтанына жасырған.

Есірткі жасырып әкелгендердің барлығының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 296 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған бапта есірткі тасымалдаушыларды 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

"Алматы қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті азаматтарға тергеу тұтқынында жатқан туыстарына есірткі немесе тыйым салынған заттарды тасымалдау қылмыстық әрекет болып табылатынын, олар тек қана өздері жазаланып қана қоймай, бұл әрекеттің тұтқында жатқан туыстарына да кері әсер ететінін ескертеді", – дейді Департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ерлан Ұзақов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі