Қызылордада полиция департаментінің жоғары шендісі ұсталды

kyzylorda-news.kz
Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Қызылордада полиция департаментінің жоғары шендісі ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Кyzylorda-news.kz-ның хабарлауынша, биылғы жылдың 5 қазанында ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментімен және Қызылорда облысы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп арнайы шара барысында заңсыз әрекеттері үшін аталған департаменттің басқарма басшысы мен оның қызметкері ұсталды.

Бүгінгі күні күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, ҚР ҚК-нің 190 – бабының 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді кінәсінің дәрежелерін анықтай отырып сот шығарады.

"Қазіргі таңда қызметтік тергеу жүргізілуде. Мұндай заңбұзушылыққа қасақана барғандар заң аясында қатаң жазаға тартылады. Оларға біздің қатарымызда орын жоқ. Полиция беделіне нұқсан келтіретін әрекеттердің алдын-алу шаралары жалғасады", – деп атап өтті Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз