Ақтөбелік әйел бетін пышақпен тілген бұрынғы күйеуін соттамауды сұрады

видеодан кадр
Сұмдық оқиға наурыз айында болған.

Бұрынғы келіншегінің бетін пышақпен тілгілеген ер адамға үкім шықты. Ақтөбе қалалық сотының шешімімен 38 жастағы айыпталушы 4 жылға бас бостандығынан айрылды. Жәбірленуші бұрынғы күйеуін кешіріп, судьядан оны бас бостандығынан айырмауын сұраған болатын. Алайда сот ер адамның қылмысты қатыгездікпен жасағанын ескеріп, әрі кінәлінің ол кезде мас болғанын алға тартып, қоғамнан оқшаулау дұрыс деп тапқан, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Еділ Құдайберген, облыстық соттың баспасөз хатшысы:

"Бекенов қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігімен, яғни денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылып оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Істі қарау барысында жәбірленуші келтірілген залалды өндіру туралы азаматтық талабынан бас тартқан".

Сұмдық оқиға наурыз айында болған. Қызғаныштан көзін шел басқан ер адам бұрынғы әйелін жұмыс орына іздеп келіп, бетін пышақпен тілгілеп тастаған. Кейін түк болмағандай, сыраханада біреулер оған қастандық жасады деп, жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалған. Сот процесі кезінде ер адам оған материалдық көмек көрсетіп, пластикалық отаның қаражатын төлеуге уәде берді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді