Жаңаөзендегі Рахат ауылында 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталды

ugmk.com
Бұл туралы "Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қанатбек Гафаров мәлім етті.

Ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғырту қажеттілігіне байланысты Елбасы Н. Назарбаев "Ауыл - ел бесігі" арнайы жобасын іске асыруды тапсырған болатын.

Осы жоба аясында Жаңаөзен қаласындағы Рахат ауылында 300 орындық мәдениет үйдің құрылысы басталып кетті. Бұл туралы "Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қанатбек Гафаров мәлім етті.

Рахат ауылындағы мәдениет үйінің құрылыс барысы қарқынды жүріп жатыр. Нақты айтқанда, бірінші қабаты тұрғызылды. Қабатаралық жабындысы салынып, екінші қабаттың тас қалау жұмыстары басталды. Жалпы көлемі 3473 м² құрайтын бұл мәдениет үйінде кітапхана мен 40 адамға арналған оқырман залы болады. Бұл дегеніміз ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалануға өз септігін тигізбек, - деді Қанатбек Гафаров.

Айта кетейік, 300 орындық мәдениет үйін келер жылдың көктемінде пайдалануға беру жоспарланды. Бұл 43 мыңнан аса тұрғыны бар елді мекендегі алғашқы мәдени көпшілік нысан болмақ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті