Шетелден келген алты жолаушыдан коронавирус анықталды

Pixabay
Тест алынған 2 596 адамның ішінде әртүрлі рейстермен әрқалай күні келген тек 6 қазақстандыққа коронавирус диагнозы қойылды.

Шетелден келген алты жолаушыға коронавирус диагнозы қойылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов халықаралық рейстерден түскен қазақстандықтарда COVID-19 диагнозы расталғаны қанша екенін айтты.

- 6-12 қазан аралығында халықаралық рейстермен елімізге 14 578 жолаушы келді, оның 11 966-сында (82%) ПТР анықтама қағазы болған, 2 596 жолаушы мұндай тиісті құжат болмаған, сондықтан олар екі күнге карантинге алынды. Тест алынған 2 596 адамның ішінде әртүрлі рейстермен әрқалай күні келген тек 6 қазақстандыққа коронавирус диагнозы қойылды, - деді Байғабылов.

Оның ішінде: үш жолаушы Алматыдан (10 және 12 қазан), біреуі Нұр-Сұлтаннан(9 қазан) және екеуі Шымкенттен (11 қазан) анықталды. Қазақстандықтар Нұр-Сұлтанға Мәскеуден, Шымкентке - Түркиядан, Алматыға - Түркия мен Дубайдан ұшып келген.

Инфекция ошақтарында эпидемияға қарсы шаралар қолданылады. Вирус жұқтырған адамдармен байланыс шеңбері анықталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді