Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасында басшы ауысты

баспасөз қызметі
Болат Бақбергенұлы Керімбек 1982 жылы туған.

Алматы облысы әкімінің өкімімен Болат Бақбергенұлы Керімбек Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Болат Бақбергенұлы Керімбек 1982 жылы туған. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тарих құқық және экономика негіздері пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының аспирантурасын "Саяси институттар, процестер мен технологиялар" бағыты бойынша, "Болашақ" бағдарламасымен М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін "Мемлекеттік және муниципалды басқару магистрі" бағыты бойынша бітірген.

Еңбек жолын "Отан" партиясының Талдықорған қалалық өкілдігінде сектор меңгерушісі болып бастаған. Әр жылдары Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Мемлекет тарихы институты" ММ-да ғылыми қызметкер, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сарапшысы, консультанты болды.

2019 жылдың қыркүйегінен – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің инспекторы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды