Түркіменстанда темекі тапшы. Халық насыбай ата бастады

inbusiness.kz
Билік жоспарына сәйкес, Түркіменстан 2025 жылға қарай темекісіз ел болуы тиіс.

Түркіменстанда полиция қызметкерлері темекі және насыбай шеккендерді қудалап жатыр, деп хабарлайды аймақтағы Азаттықтың түркімен қызметінің тілшісі.

Оның сөзінше, соңғы кезде елде насыбай шеккендер көбейіп жатыр. Оған темекі тапшылығы және қымбаттауы себеп болып жатыр. Бүгінгі күні Мары облысында ең арзан темекі қорабы 230-240 манат, бір данасы 12 манаттан сатылып жатыр. Түркіменстанның Орталық банкі белгілеген ресми курсқа сәйкес, 3,5 манат 1 АҚШ долларына тең.

Түркіменстанда 2000 жылдан бері қоғамдық орындарда темекі тартуға болмайды. Бұдан тысқары елде насыбай өндіруге және оны қолдануға тыйым салынған.

Түркіменстан 2015 жылы ересектер арасында темекі шеккендердің саны 5 пайызға жетпейтін аймақтағы алғашқы ел боламыз деп мәлімдеген. Билік жоспарына сәйкес, Түркіменстан 2025 жылға қарай темекісіз ел болуы тиіс.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, Түркіменстан темекі тартатындардың саны бойынша әлемде соңғы орында тұрады — халықтың 8% ғана темекі шегеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты