Қарабақтағы 40 елдімекенді қайтарып алдық – Ильхам Алиев

видеодан кадр
Армения мен Әзербайжан арасындағы Таулы Қарабақ дауы Совет Одағы кезінен жалғасып келеді.

Әзербайжан әскері қыркүйек айының соңынан бері өзін өзі жариялаған Таулы Қарабақтағы 40 елдімекенді қайтарып алдық деп мәлімдеді ел президенті Ильхам Алиев түріктің NTV каналына берген сұқбатында, деп жазды centralasian.org.

Әзербайжан президенті армян-әзербайжан қақтығысын Түркия шешуі мүмкін еді деді. Бірақ Баку мен Анкара Әзербайжан аумағынан түріктің әскери базасын құру жөнінде ешқашан келіссөз жүргізген емес. France 24 каналына берген сұқбатында Алиев Түркия әскери қақтығысқа қатысып жатқан жоқ деп атап өтті.

Ал өз кезегінде Таулы Қарабақ өкілі Степанакертта Әзербайжан тарапы тағы да әскери соққы берді деді. Өзін өзі жариялаған Таулы Қарабақ республикасы Бакудың бейбіт тұрғындарға оқ атты деген мәлімдемесін теріске шығарды.

Таулы Қарабақтағы қақтығыс 27 қыркүйекте басталған. Армения мен Әзербайжан шиеленісті бірінші болып бастады деп айыптайды.

Армения мен Әзербайжан арасындағы Таулы Қарабақ дауы Совет Одағы кезінен жалғасып келеді. 1988 жылы басталып, 1994 жылы аяқталған соғыс кезінде 30 мыңға жуық адам қаза тапты, жүздеген мың адам босқынға айналды. Негізінен армяндар тұратын аймақ 1991 жылы Әзербайжаннан бөлініп шығатынын мәлімдеді, бірақ әлемнің ешқандай елі оны мойындамады.

Халықаралық құқыққа сәйкес, Таулы Қарабақ – Әзербайжан жері.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты