Коронавирустың жаңа формасы пайда болды. Оның айрықша белгісі адамның іші өтіп, асқазан ішек жолдары ауырады. Бұл туралы Қытай ғалымдары мәлімдеуде. Айта кету керек, инфекция әзірге шошқалардан бой көрсеткен, бірақ адамға да жұғу қаупі жоғары. Айтпақшы бұл ақпарды АҚШ-тың Солтүстік Каролина университетіндегі мамандар да қуаттап отыр, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Ковидтің аталған түрі алғаш рет 2016 жылы жарқанаттан шошқаға жұққан екен. Ескеретін жайт, ол өзге де ұсақ жануарлар мен жәндіктерге таралуы мүмкін. Дегенмен бұл анау айтарлықтай сенсация емес.
Зәуреш Смағұлова, Астана медицина университеті, Инфекциялық аурулар кафедрасының доценті:
Это не новая форма, это просто проявление коронавирусной инфекции.
Бұл жаңа індет емес. COVID-19-дың бір түрі. Коронавирус белгілерінің 8 түрлі штаммы бар. Егер де біреуіне қарсы имунитет қалыптасса, басқаларымен де түптің түбінде адам ауыруы мүмкін. Бірінші жолы өкпе ауырса, мына жағдайда вирус асқорыту жүйесінің клеткаларына зақым келтіреді. Оның алдын алудың жалғыз ақ жолы бар. Жеке бас гигиенасы, маска және әлеуметтік арақашықтық.
Ал қазір айдай әлем Коронавирустың екінші толқыны туралы айтып жатыр. Бізде ол бар немесе жоқ деп айтылмайды. Келуі мүмкін, бірақ дайын болуымыз керек деген ұстаным бар.
Апта бойы індет жұқтыру жайттары біртіндеп өсіп келе жатыр. Қатаң карантинге жабылған Солтүстік Қазақстан облысының екі ауданын айтпағанда, елімізде біртіндеп алдын алу шаралары қолға алынуда. Маңғыстау мен Атырау облыстарында да тәртіп күшейтілді.
Еліміздің бірқатар өңірлерінде шектеу шаралары енгізіледі. Мәселен елорда қызыл аймаққа жатқызылған. Нұр Сұлтанда жеке меншік және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің 60 пайызы қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшті. Нотариус, бухгалтер, жарнама және туристік қызмет агенттіктері таңертеңгі сағат 9-дан кешкі 6-ға дейін ғана жұмыс істейді. Тұрмыстық техника киім сататын орындарға осындай талап қойылған. Дәмхана, бар, мейрамханаларда клиенттер саны 30 адамнан аспауы шарт жәнее кешкі сағат онда олар жабылуы тиіс. Әр жексенбіде қоғамдық көліктер, автобустардың қызметі тоқтатылады.