Түркістан облысында блок-бекеттер қойылмайтын болды

zakon.kz
Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.

Түркістан облысының бас санитарлық дәрігері санитарлық бақылау бекеттерін орнатпауды жөн деп тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

25 қазанда Түркістан облысының бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды, онда бірнеше жеңілдіктер қарастырылған, мысалы кинотеатрлардың, жәрмеңкелер мен мал базарларының жұмысына рұқсат етілген, дегенмен 65 жастан асқан адамдарға аса қажеттілік болмаса көшеге шығуға тыйым салынған. Сондай-ақ, Қызылорда және Жамбыл облыстарымен шектесетін аумақта санитарлық бақылау бекеттерін орнату қарастырылуы тиіс еді. Бүгін, 26 қазанда шыққан жаңа қаулыда бұл шешімнің күшін жою жайы қарастырылған.

Сонымен, 26 қазандағы No41 қаулыда блок бекеттер орнатуды көздейтін тармақты алып тастау жайы да жазылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты