Шетелге жүрген қазақстандықтар ПТР-анықтамасыз Отанға орала алады

tripadvisor.ru
Шетелде жүрген ҚР азаматтарының әуе рейстерімен ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтамасынсыз отанына оралуға құқығы бар

Рейстерге отырғызу кезінде ПТР-тест анықтамасы болу-болмауына қатысты ВАК шешіміне қатысты Үкіметтің баспасөз қызметі түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазақстан аумағында коронавирус инфекциянсының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 26 қазаннан бастап халықаралық әуе тасымалын жүзеге асыратын әуе компанияларына ПТР-тестінің нәтижелері туралы анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бұл талап тек шетелдік азаматтарға қатысты. Шетелде жүрген ҚР азаматтарының әуе рейстерімен ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтамасынсыз отанына оралуға құқығы бар", делінген ҚР Үкіметі баспасөз қызметінің түсініктемесінде.

Ондағылар мұндай жағдайда Қазақстанға келгеннен кейін қазақстандықтар ПТР-тестілеу нәтижесін алғанға дейін карантинге орналастырылатынын айтты.

ҚР өңірлері арасындағы ішкі әуе рейстерінің ұшағына отырғызу кезінде де ПТР-тест нәтижесі туралы анықтама талап етілмейді.

Бұған дейін Көліктегі бас санитарлық дәрігер ПТР-тест анықтамасы жоқ қазақстандықтарды шетелден ұшу кезінде ұшаққа кіргізбейтіндігін айтқан. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты ауызша растаған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты