Түркістан облысы бала туу мен табиғи өсім бойынша елде көш бастап тұр

Түркістан әкімдігі
Түркістан облысы бойынша бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы - 168 301 теңгені құраған.

2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі есеп бойынша Түркістан облысы халқының саны 2 036 029 адамды құрады. Оның ішінде қалалық жерде 412 819 адам (20,3%), ауылдық жерде 1 623 210 адам (79,7%) бар. Өткен жылдың тиісті уақытымен салыстырғанда халық саны 1,4%-ға өскен. Республика бойынша облыс туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша 1-орында, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық Статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков мәлімдеді.

Бұдан өзге, 2020 жылдың ІІ тоқсанында Түркістан облысы бойынша бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы - 168 301 теңгені құраған.

"Ең жоғары орташа айлық жалақы Созақ ауданында - 243 324 теңге болып белгіленсе, ең төмен жалақы Сарыағаш ауданында – 137 498 теңге көлемінде. 2020 жылғы ІІ-ші тоқсанда ең жоғары айлық жалақы "Каржы және сақтандыру" саласында - 220 355 теңге болып белгіленсе, ең төмені "Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар" саласында - 70 121 теңге. Облыста азық-түлік тауарларының бағалары - 7,1%-ға, азық-түлік емес тауарлары – 3%-ға, ақылы қызметтер – 5,5%-ға қымбаттаған", - деді департамент басшысы.

Сонымен қатар, 2020 жылдың қаңтар-маусым айлары бойынша Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 770 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі бойынша облыс республикада бірінші орынды иемденген. Жалпы өңірлік өнімнің құрылымында өнеркәсіптің үлесі – 19,7%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 14,6%, білім беру – 12,7%-ды алып отыр.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Түркістан облысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі - 414 млрд 53 млн теңгеге жетіп, 2019 жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда 66,7%-ға артқан. Негізгі инвестициялық салымдардың 86,2%-ын шағын кәсіпорындар жүзеге асырған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті