​Түркістан облысында 2 қарашадан бастап жамағат намаздары мешітте оқыла бастайды

Түркістан облысы ӨКҚ
Түркістан облысы бойының бас имамы Мұсабек Ақтамберді карантин жағдайына байланысты әзірше жұма намазы оқылмайтынын хабарлайды.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өткен болатын. Онда комиссия мешіт жұмысына қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қабылданған шешім бойынша ағымдағы жылдың 2 қарашасынан бастап (жұма намазын қоспағанда) мешіттерде ұжымдық намаз (бес уақыт намаз) өткізуге рұқсат берілді. Алайда мешітте 100 адамнан артық кісі болмауы керек. Сондай-ақ, адамдар бетперделік режиммен 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтаулары қажет. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітке келуші жамағатты санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтауға шақырады.

Түркістан облысы бойының бас имамы Мұсабек Ақтамберді карантин жағдайына байланысты әзірше жұма намазы оқылмайтынын хабарлайды. Бұдан өзге, мешіт қызметкерлері мен келушілер міндетті түрде бетпердемен жүруі міндетті. Барлық мешіттердің намаз оқитын, құран оқитын бөлмелерінде антисептикалық құралдармен қамтамасыз етіледі. Мешітке жеке құлшылыққа келген азаматтардың мешітте ұзақ уақыт болмауы керек. Мешіт дәретханалары карантин режимі аяқталғанша жабық тұратын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі