Алматыда подъез бен аулаларды дезинфекциялау жұмыстары қайта қолға алынады

liter.kz
Алматыда қыркүйекпен салыстырғанда қазан айында вирус жұқтырғандар саны екі есеге өскен, яғни 165-тен 360-қа дейін жетіп отыр.

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин "Санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды өткізу туралы" 2020 жылғы 30 қазандағы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, тұрғын үйлерде дезинфекция жүргізу қайта қолға алынатын болды.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматының бас санитар дәрігерінің 30 қазандағы №2 қаулысы тарады. Дүйсенбі күні Алматының тауарлар мен қызмет сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаменті бұл жалған ақпарат деген мәлімдеме жасады. Алайда кешке COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның телеграм-каналы Жандарбек Бекшиннің қаулысына сілтеме жасады. Тиісті құжат Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланған.

Қаулыда Алматыда қыркүйекпен салыстырғанда қазан айында вирус жұқтырғандар саны екі есеге өскені жазылған. 165-тен 360-қа дейін жетіп отыр. Сондай-ақ, індет, негізінен, ұжымдарда, қоғамдық орындарда, көпқабатты үй кіреберісінде, қалалық көлікте таралатыны айтылған. 60 жастан асқан адамдар арасында жиі кездеседі. Сондықтан тұрғын үйлерде аптасына үш рет дезинфекция жүргізу тапсырылған.

Қоғамдық көлікте де бұл жұмыс күшейтіледі. Ғимараттар мен кеңселерде күн сайын тазалап, жуу қарастырылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты