Алматыда ҚМБД телеарнасының ресми түрде ашылу салтанаты болды

Алматы ТВ
Салтанатты шарада ҚМБД төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және "Халық арна" телеарнасының директоры Нұржан Таласұлы сөз сөйледі.

Алматыда "Халық арна" телеарнасының ашылу салтанаты өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай көрермендер назарына ұсынылған телевизиялық арнаның салтанатты рәсіміне діни басқарма өкілдері мен елге белгілі қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алдағы уақытта арнада діни сарындағы хабарлар мен сұхбаттар және салт-дәстүрден мағлұмат беретін бағдарламалар көрсетілетін болады. Ал, көрермендер бұл телеарнаны "Отау тв" мен "Алма тв" кабельдік желілерінен тамашалай алады.

"Мақсатымыз – біздің ата-баба дәстүрін, салтымызды, дінімізді сабақтастыра отырып, халқымызға имандылықты насихаттау, салт-дәстүрімізді насихаттау, біздің еліміздің ынтымағын, бірлігін гнасихаттау үшін осындай ниет қылып, осы телеарнаны бүгін аштық. Аты айтып тұрғандай, халық деген – ол Алланың бір аты. Халыққа қызмет ететін арна болады", – деді ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

"Бұл арнада дәстүрлі құндылықтар мен діннің қайнарларын байланыстыру арқылы, соны ұштастыру арқылы қоғамға ақпарат таратуды біз негізге алып отырмыз. Жаңалықтар топтамасынан апталық әзірге «Мүфтият тынысы» деген бағдарлама бар. Ол жерде бір апта көлемінде Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төңірегіндегі жасалынған жұмыстарды жаңалық ретінде қоғамға таныстыру мақсатында ұсынады", – деді "Халық арна" телеарнасының директоры Нұржан Таласұлы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі