Айжан Байзақова "бетпердесін" шешіп, шынын айтты

Ол осыған дейінгі оспадарсыз іс-әрекеттерін жалғыздықпен күресу үшін жасағанын айтады.

Танымал болғанына қарамастан Айжан Байзақовада психологиялық проблемалар бар болып шықты, соған байланысты ол кейбір тәуекелге бас тіккен. Бұл туралы блогер өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

Байзакова жалғыздықтан қорқатындығын айтады, сондықтан ол өзін басқаша ұстауға мәжбүр еткен, 5 жыл бойы әртүрлі кештерде мас жүрген. Өйткені ол сау кезінде өте ашуланшақ, талапшыл, талғампаз, агрессивті болатынын, ал мас болса, керісінше өте мейірімді әрі жайдарлы болатынын мойындады. Сау кезінде адамдар одан қашып кетсе, ал мас кезінде, керісінше адамдарды өзіне баурап алады. Дегенмен блогер мұның барлығы енді артта қалғанын айтады.

- Мен ішуге келгенде талай еркекті артта қалдырдым. Бәрі құласа да мен екі аяғыммен тік тұрушы ем. Осындай кезде маған ішкі қиындықтармен күресу әлдеқайда оңай болды, қасымда кім жүр және олар менен нені қалайды, оны байқамадым да, оған мән берген де емеспін. Мас әрі көңілді күйіме үйір бір топ адам әйтеуір (...) Қазір өзіммен өзіммін, маған осы жайлы, әрқашан осылай да болған, яғни жалғыздықты ​​ұнататынмын, бірақ бұл дұрыс емес деп ойлаппын. Сондықтан көп ортаға шығып, өз-өзімді ішімдік ішуге мәжбүрледім. Мен психологиялық проблемалары бар адаммын әрі оны сау кезімде жеңуім керек ... Бұл "мәңгі" нәрсе деп тағы айта алмаймын. Өмірдің өзі сондай, ертең не болатынын білмейміз. Бірақ қазіргі уақытта бақыттың иллюзиясына батқым келмейді, сондай-ақ оны басқалар үшін де жасағым келмейді... және бұл тек алкогольге қатысты емес, - деп жазады Байзақова.

Ол өзінің және басқа адамдардың неге бөтелкеге ​​қол созатынының басты себебін атады.

"Мен ішкілікке салынғандарды айыптамаймын, өйткені, көбінесе бұл - психологиялық проблемалар, біреу осылай өзін жеңіл сезінеді, сондықтан бұл үшін айыптауға болмайды, оған көмектесу керек. Сізді басқаша қылып көрсететін заттардың бәрі жақсылыққа апармайды... Мен онсыз да елмен араласуды, би билеуді және көңіл көтеруді үйренемін, осы жағынан шынымен де мені жақсы көретіндердің көмегіне үміт артамын", - дейді Айжан.

Блогердің сәбилі болғанын, қазір үйінде ұлын тәрбиелеп отырғанын айта кетелік.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: