Елімізде коронавирус пен пневмониядан кісі өлімі қайта көбейе бастады

ҚР ДСМ
Бір тәулікте коронавирустан 7 адам көз жұмды.

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны артты, деп хабарлайды zakon.kz.

Тәулігіне 7 адам коронавирустан, 2 адам пневмониядан қайтыс болды. 11 қарашадағы жағдай бойынша пневмониядан кісі өлімі тіркелмеді, ал 6 адам коронавирустан көз жұмды.

Қазақстанда пандемия басталғаннан бері коронавирустың салдарынан 1918 адам қайтыс болды, 1 тамыздан бастап КВИ белгілері бар пневмониядан 412 адам қайтыс болды.

Қазіргі уақытта 7 606 адам коронавирус инфекциясынан ем-дом алуды жалғастыруда, оның 393-і - балалар. Ауруханаларда 2926 науқас, ал амбулаториялық деңгейде 4680 науқас емделіп жатыр. 196 адамның жағдайы ауыр, 25-інің денсаулығы өте ауыр деп бағаланады, 28-і - жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған