ШҚО Денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

gov.kz
Бұл лауазымды қызметке осыған дейін Өскемендегі "Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы" КМК бас дәрігері қызметін атқарған Жайық Жұмаханов келді.

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен Жайық Жұмаханов ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұған дейін ол Өскемендегі "Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы" КМК бас дәрігері қызметін атқарған.

Жайық Жұмаханов 1969 жылы 14 маусымда Семей облысы, Аягөз ауданы, Сергиполь ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Семей медициналық институтын бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы Семей қаласындағы облыстық клиникалық аурухананың анестезиолог – реаниматологы болып бастады.

2001 жылдан Аягөз қаласындағы "Қазығұл" медициналық мекемесінде аға дәрігер, анестезиолог болып жұмыс істеді. 2002 жылы осы мекеменің директоры болып тағайындалды.

2008 жылдың шілде айынан бастап "Аягөз ауданының медициналық бірлестігі" КМҚК директоры болды.

2013 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Өскемендегі "Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы" КМК бас дәрігері міндетін атқарып келді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі