13 қарашаға арналған ауа-райы болжамы

Pixabay
Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын, көктайғақ болып, қатты жел тұрады деп күтіледі.

Қазақстан аумағына Салехард ауданынан ойысып келген циклон салдарынан еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады, шығыс және оңтүстік-шығыста қатты қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды zakon.kz.

Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, солтүстік бөлігінде күн күрт суытып, боран соғады деп күтілуде.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, қатты жел екіпіні секундына 15-20 метрді құрайды. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарында жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді деп күтіледі. Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел екпіні 15-20 м / с құрайды. Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасын болып, желдің екпіні секуднына 25 метрге дейін күшейеді. Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман болады, Жамбыл облысында көктайғақ күтіледі. Ақтөбе облысында кей жерлерде көктайғақ күтіледі, Шығыс Қазақстан облысында жел екпіні секундына 20-25 метрге дейін күшейеді, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді