Макрон имамдарға елдің құндылықтарын бағалайтын хартия қабылдауға екі апта уақыт берді

Reuters
Онда француз мұсылман қоғамына шетелдіктердің араласуына тыйым салуы керектігі тапсырылды.

Франция президенті Эммануэль Макрон елдің мұсылман лидерлерін исламизмге қарсы тұру үшін республикалық құндылықтардың хартиясын қабылдауға шақырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Centralasian.org мәліметі бойынша, Елисей сарайының мәліметіне қарағанда, мемлекет басшысы 18 қарашада Мұсылман кеңесіндегі имамдармен кездесіп, оларға хартияны қабылдауға 15 тәулік уақыт берді. Макронның айтуынша, құжатта республикалық құндылықтар көрсетіліп, ислам — саяси қозғалыс емес, діндердің бірі екені белгіленуі тиіс. Сонымен бірге француз мұсылман қоғамына шетелдіктердің араласуына тыйым салуы керек екенін тапсырды.

Бұдан бөлек Мұсылман кеңесі имамдардың мемлекеттік кеңесін құрып, ол Франциядағы имамдарға сертификаттар берумен айналысуы керек. Егер дін қызметкерлері хартияға сәйкес келмейтін әрекеттерге барса, жаңадан құрылатын мемлекеттік кеңес олардың сертификаттарын қайтарып алу құқығына ие болады. Кездесу кезінде Макрон мұсылмандардың радикалдануының алдын алу үшін исламизмге қарсы күрес бойынша әзірленіп жатқан жаңа заң жобасы туралы да айтты. Францияның министлер кабинеті бұл заң жобасын 9 желтоқсанда талқыламақ.

Қыркүйектің ортасында Париж түбінде ұлты шешен Абдулах Анзоров тарих және география мұғалімін өлтірген. Оған дейін мұғалім сабақта оқушылар мен сөз еркіндігі жөнінде айтып, Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын көрсеткен. Анзоров мұғалімді пайғамбарды кемсіткені үшін өлтіргенін айтқан.

Президент Эммануэль Макрон қол салу "исламистік теракт" деп атап, Францияның құндылықтарын радикал исламнан қорғауға шақырған. Өлке басшысының бұл мәлімдемесі мұсылмандар арасында наразылық туғызған.

Мұғалім өлімінен кейін екі апта өткен соң Ницца қаласында пышақпен үш адам өлтірілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды