Сәдуақас Байғабылов Алматының бас санитарлық дәрігерінің орынбасары болып тағайындалды

ҚазАқпарат
Бұған дейін ол ҚР Көліктегі бас санитарлық дәрігері қызметін атқарған.

Сәдуақас Байғабылов Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгіннен бастап Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалдым, - деді ол.

Бұған дейін ол ҚР Көліктегі бас санитарлық дәрігері қызметін атқарған.

Ол 2019 жылы қарашада Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық қызметінен босатылды. Ал 2020 жылдың қаңтарында оның ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік департаментінің бастығы - Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер болып бекітілгені белгілі болды. Осы жылы 13 шілдеде Атырау облыстық бас санитарлық қызметіне тағайындалды, алайда екі аптадан кейін ол бұрынғы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметіне оралған еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты