Нығматулин: Мәжіліс ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру туралы заң жобасын қарайды

Ж.Құспанов
Алдағы жалпы отырыста Палата бірқатар ратификациялық заң жобаларын жұмысқа алады.

27 қарашада Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мәжіліс бірінші оқылымда жол жүрісі мәселелеріне қатысты заң жобасын талқылайды. Сонымен қатар бірінші оқылымда жер қойнауы және ғылым мәселелері, сондай-ақ, Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты заң жобалары қаралады. Күн тәртібінің жобасында "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қарау ұсынылады.

Алдағы жалпы отырыста депутаттар Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің арасындағы екі ел елшіліктері арасындағы қажеттіліктеріне Астана қаласында және Әбу Даби қаласында жер учаскелерін өтеусіз пайдалануға өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобаларын қарайды.

Бюро отырысында "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" және ветеринария мәселелері бойынша заң жобалары екінші оқылымда ұсынылады.

Алдағы жалпы отырыста Палата бірқатар ратификациялық заң жобаларын жұмысқа алады. Олар Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімдерді ратификациялау.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты