Мемлекет меншігіндегі жер учаскесі алғаш рет онлайн сатылды

dniprograd.org
Жер қатынастары және сәулет саласындағы жүргізілетін жұмыстарды цифрландыру аясында аталған пилоттық жоба Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау қалаларында да жүргізілетін болады.

Елімізде алғаш рет Ақтөбе қаласының аумағында мемлекет меншігіндегі жер учаскесін беру және оны сауда-саттық аукционы бойынша саудалау немесе жалға беру құқығы қызметтері аясында жер учаскесі сатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сынақ ретінде іске қосылған жоба аясында электронды үкімет порталы мен Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры, жергілікті атқарушы органның геопорталы және электронды сауда алаңының ақпараттық базалары өзара ықпалдастырылған болатын.

Алғашқы онлайн сауда барысында Ақтөбе қаласында мемлекет меншігіндегі екі сауда учаскесі сатылған. Оның бірі – Балабақша құрылысына арналған коммерциялық жер учаскесі. Ондағы аукцион аясында 5 өтініш түсіп, 1 га аумақ жер 7,8 млн теңгеге сатылды. Екінші жер учаскесі коммерциялық ғимаратқа арналған, мемлекет меншігіндегі 0,1 га аумақ жер аукционына 11 қатысушы өтініш беріп, жеңімпаз аталған жерді 10,3 млн теңгеге сатып алған.

Жер қатынастары және сәулет саласындағы жүргізілетін жұмыстарды цифрландыру аясында аталған пилоттық жоба Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау қалаларында да жүргізілетін болады.

Айта кетейік, Азаматтарға арналған үкімет "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында ақпараттық жүйелерді шоғырландыру жолымен жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесін құру және енгізу жұмыстарын бастаған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты