Түркияға барғандар Қазақстанға КВИ жұқтырып, келіп жатыр

azattyq-ruhy.kz
Ыстамбұл-Нұр-Сұлтан рейсімен келген екі қазақстандыққа коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды.

ПТР-анықтамасы болмаған, Ыстамбұлдан ұшып келген екі қазақстандықта COVID-19 анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, 19 желтоқсанда Қазақстанға Германия, Швейцария, Египет, Түркия, БАӘ, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Өзбекстаннан 18 халықаралық рейстегі ұшақ қонды.

2 008 әуе жолаушыларының ішінде 1 771 адамда ПТР-анықтама қағазы болды, ал Қазақстан Республикасының 237 азаматында мұндай құжат болмаған.

Атап айтқанда:

- Алматы әуежайы шетелден 13 рейс, 1 331 жолаушы қабылдады, ПТР-анықтамасы барлар - 1183, жоқтар - 148;

- Нұр-Сұлтан әуежайы шетелден 4 рейс, 499 жолаушы қабылдады, ПТР-анықтамасы барлар - 438, жоқтар - 61;

- Қостанай әуежайы шетелден 1 рейс, 178 жолаушы қабылдады, ПТР-анықтамасы барлар - 150, жоқтар - 28.

Сертификатсыз келген Қазақстан азаматтары ПТР талдау әдісін қолдана отырып, COVID-19 сынағынан өтті және олардың нәтижелері шыққанша карантиндік ауруханада жатты.


Ыстамбұл-Нұр-Сұлтан рейсімен келген екі қазақстандыққа коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді